ШҚО халқының өмір сүру деңгейі аймақ экономикасы дамуының арқасында көтерілді

Бұл туралы бүгінгі өткен брифингте ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская мәлім етті, деп хабарлады ақпарат орталығы.
Елена Ясинскаяның айтуынша, әлеуметтік салада жақсарған ең маңызды көрсеткіштердің бірі өңірде адам жасының ұзақтығын ұлғайту болып табылады, бүгінде орташа көрсеткіш 68-69 жасты құрайды. Туу көрсеткіштері де ұлғайды. Бірінші жартыжылдықта ШҚО-да 11421 нәресте дүниеге келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 5 пайызға жоғары. Басқарма басшысы атап өткендей, бұл халық сезіне бастаған тұрақтылықты білдіреді. Халық ертеңгі күнге сеніммен қарайды, отбасыларын толықтырудан қорықпайды.
Соңғы деректерге сүйенсек, шығысқазақстандықтардың отбасында 145 мың мектепке дейінгі мекеме жасындағы балалар мен 167 мың оқушы тәрбиеленуде. Облыста 32 мыңнан астам студент білім алса, 29 жасқа дейінгі 160 мыңнан астам жастар жұмыспен қамтылған.
«14-тен 29 жасқа дейінгі жастар облыс халқының 25 пайызын құрайды, - деді ол. Бұл еңбек және зияткерлік ресурстардың ауқымды әлеуеті. Тіркелген жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халықтың санында 4,8 пайызға дейін төмендеді. Мұнда жұмыссыздықпен күрес шарасының ықпалы зор болды: бос орын жәрмеңкелері, қоғамдық жұмыс ұйымдастыру бағдарламалары, қала мекемелеріндегі жастар тәжірибесі, кәсіби оқыту курстарын ұйымдастыру қолға алынды.
«Әрине, экономикалық дамудың ең маңызды нәтижесі, ең оңды сәті облыс халқының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады», - деп атап өтті Елена Ясинская, - Сонымен, облыс бойынша орташа жалақы 93,7 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда, нақты аударым 8,3 пайызға артты. Тұтастай халық табысы 7,2 пайызға өсті, ол 55,9 мың теңгеге жетті.
Өз кезегінде табыстардың өсуі тұтыну нарығында сатылым көлемдерін арттырып, бөлшек сауда тауар айналымын ұлғайтты, бұл бюджетке де жақсы әсер етті.
Бюджеттің бар қаражаты облыс экономикасының барлық салаларын, әсіресе әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыруды ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.