ШҚО: ІІМ басшысының орынбасары иен қалған үйлердің күзетілуін тапсырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанға Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жедел сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО: ІІМ басшысының орынбасары иен қалған үйлердің күзетілуін тапсырды

Облыстың 3 қаласы мен 11 ауданы тасқыннан зардап шегуде. Бұған дейін 3 бірдей ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Негізгі күш Глубокое және Шемонаиха аудандарына бағытталып отыр. Зырян және Қатонқарағай аудандары да назарда. 

Министрлік өкілі апаттан зардап шеккен халыққа психологиялық көмекті дұрыс ұйымдастыру керектігін ескертті. Бүгінде психологтар үйінен көшірілген тұрғындарға ғана көрсетіліп отыр. Юрий Ильин үйлерінде қалған тұрғындарға да психологиялық қолдау ауадай қажет екенін айтты. Ол үшін су алған ауылдардың әр үйін аралап, халықты сабырға шақыру қажет.
null 

Наурыздың басынан бері Шығыс Қазақстан бойынша 1600-ден астам адам тасқын салдарынан үйлерін тастап шыққан. Бүгінде соның 500-і үйлеріне оралды.

105 адам уақытша баспанада күнелтіп жатса, 900 адам туысқандарының үйін паналауда. 

null  

Облыста тасқынмен бірге көшкін қаупі де сақталуда. Бүгінге дейін ең қауіпті деген жолдардың бойында 17 жасанды көшкін түсірілген. Алдағы бірнеше күнде бұл жұмыстар тағы жалғаспақ.

«Министрдің орынбасары тасқын салдарынан иен қалған үйлердің қауіпсіздігіне де баса көңіл бөлу керектігін атады. Бұл міндет жергілікті полиция қызметіне жүктелді. Аталмыш орган өкілдері апат орындарында қоғамдық тәртіпті қадағалап, ұрлық фактілерінің болмауын қамтамасыз ететін болады» - деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Екікүндік сапар барысында Юрий Ильин тасқыннан зардап шеккен елді мекендерді аралап, жағдаймен таныспақ.