ШҚО қаржы полициясы мемлекеттік сатып алу бойынша жанар-жағармайды көтерілген бағамен сатудың жолын кесті

Бұл туралы облыстың қаржы полициясы департаментінің брифингінде департаменттің бірінші орынбасары Руслан Күдешев хабарлады.
Брифинг мемлекеттік сатып алулар саласына арналды. Брифингті жүргізуші, ең алдымен, қаржы полициясы жұмысының жаңа тәсілдеріне назар аудартты - олар қылмысты анықтау тәсілі ретінде жаппай тексеруден бас тарту арқылы жұмыс тактикасын өзгерткен.
Р.Кудешев жанар-жағармайды мемлекеттік сатып алу бойынша жоғарыда келтірілген барлық фактілер бойынша мекемелерге таныстырулар жіберілгенін хабарлады. Лоттар өзгертіліп, жоспарланған баға қайта қаралды, соның арқасында 20 млн. теңге бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Өткен 10 айда мемлекеттік сатып алу саласында 70 қылмыс анықталды. Соның ішінде 62-сі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша, 4 қылмыс «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша, 2 қылмыс «Қолжетімді баспана - 2020» бойынша, тағы екеуі «Шағын қалаларды дамыту» бойынша, «Бизнестің жол картасы» және «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламалары бойынша бір-бір қылмыстан анықталды.
«Тәжірибе көрсеткендей, - дейді Руслан Асқарұлы - бюджет қаржысын жымқыру қылмыстық пиғылы мемлекеттік шығындарды қалыптастыру кезінен басталады. «Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы - үлестес жеткізуші» конкурстық құжаттарды құру, сатып алулар жүргізу мен келісімді жүзеге асыруда ынтымақтастықты жалғастырады».