ШҚО қаржы полициясы пара алу кезінде ауылдық округ әкімін ұстады

ӨСКЕМЕН. 20 ақпан. қазАқпарат - Қаржы полициясы жеке кәсіпкерден пара алу кезінде Ұлан ауданына қарасты Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің әкімін ұстады.
None
None

Бұл туралы бүгін облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткен брифингте хабарланды.

Пара беруші жол бойындағы дәмхана салуға аумағы 10 гектар жер учаскесін беру үшін әкімге пара ұсынған. Анықталғандай, округ әкімі бизнесменнен 40 мың теңге талап еткен.

8 ақпанда ол параның жартысын алды, ал 13 ақпанда қалған 20 мың теңгені алу кезінде қаржы полициясы қызметкерлерімен ұсталды.

Қазіргі уақытта әкім кінәсін мойындады, соған байланысты материалдар сотқа дейінгі өндіріс тәртібіне сәйкес ҚР Қылмыстық-процессуалды кодексінің 190 бабы, 1 бөлімі негізінде сотқа тапсырылды. ҚР ҚК-нің 311 бабы, 2 бөлімі бойынша айыптаушы жақ хаттама рәсімдеді, деп хабарланды брифингте.

Соңғы жаңалықтар