ШҚО кәсіпкерлерінің сауда керуені ауылдарға шықты

СЕМЕЙ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығында – Ақсуатта болған көшпелі жәрмеңкеде Өскеменнің кәсіпкерлері миллион теңгенің түрлі өнімдерін сатты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында ауылдық округтарға көшпелі керуендерді шығару үрдісін жалғастыруды Шығыс Қазақстан облысының билік өкілдері шешті. Ауылдарға кәсіпкерлердің алғашқы шығуы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында жүзеге асырылған болатын. Сауда керуендері ол кезде Тарбағатай, Қатынқарағай және Күршім аудандарына шыққан болатын. Бұл жолы акцияға «Өскемен ұн тарту компаниясы», «Кседа», «Асқар және Д», «Шығысауылшаруашылығыөнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктіктестіктері және Пучеглазов жеке кәсіпкерлігі қатысты.
Соңғы жаңалықтар