ШҚО кеденшілері елден 35 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз әкетпек болған әрекеттің ізін кесті

None
None
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері өткен 4 ай ішінде мемлекеттің кірісіне 35 миллион теңгеден астам қаражатты аударды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аймақтық департамент ақпараттық қызметінің жетекшісі Берік Көшербаевтың хабарлағанындай, қазірдің өзінде сотта 13 қылмыстық іс қаралып, сот шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне 35 миллион теңгеден астам қаражат аударылған. Біздің еліміздің шекарасы арқылы валюталарды заңсыз алып өтудің 16 фактісі ашылған, ал алынған ақша қаражатының сомасы 37 миллион теңгеге тең. Осы фактілер бойынша 9 қылмыстық және 7 әкімшілік іс қозғалды. Ашылған тағы үш факті бойынша іс сот шешімін күтуде.
Соңғы жаңалықтар