ШҚО қоғамдық кеңесі мемлекет тарапынан жасалып жатқан дағдарысқа қарсы шараларды қолдайды

ЕМЕН. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі әлемдік қаржы дағдарысының экономикаға және аймақ тұрғындарына жағымсыз ықпалын төмендету жөнінде Қазақстанның атқарушы билігі қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шараларды қолдайды. Облыс әкімдігінде өткен аймақтың қоғамдық кеңесінің  отырысында осы мәселе жөнінде сөз болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңеске қатысушылар мемлекет қабылдаған шаралар аймақ экономикасының дамуына оң ықпал етуде - аймақтық жалпы өнім деңгейі бойынша облыс бесінші орынға шықты, деп атап өтті. Өскемен мыс балқыту зауыты, титан құймалары зауыты, Ақтоғай кен-байыту комбинаты мен Жарма ауданындағы цемент зауыты секілді ірі өндіріс орындарының пайдалануға берілуіне байланысты өңірдің өндірістік қуаты бірнеше есеге арта түседі.

Сонымен қатар,  кеңесте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, еңбек құқығын қамтамасыз ету және басқа да мәселелерге байланысты кәсіпорындармен қабылданған меморандумдар тұрақтылықты қамтамасыз ететіні атап өтілді. Инвестициялар да айтарлықтай өсті, бұл сектордың көлемді үлесі мемлекет қолдауына жатады. Мәселен, тек қана шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ  ипотекалық несиені қайта қаржыландыру үшін аймаққа 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Ал, Жол картасын жүзеге асыру аймақта «қайта даярлықтан өткен және сұранысқа ие мамандықтарға арналған жаңа жұмыс орындарын ашты, сондай-ақ жолдар, мектептер, ауруханалар мен коммуналдық сала нысандары жөндеуден өтті».

Соңғы жаңалықтар