ШҚО: Көкпекті ауданының 9 ауылдық округінде ТЖ жарияланды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкпекті ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімі мәлімдеді, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
None
None

Қалың қар түсіп, Тассай, Шұғылбай, Биғаш. Мариногор, Самар, Белен, Көкпекті аудандары жолсыз қалды. Ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру жағдайы қиындады. ТЖ жою басшы болып Көкпекті ауданы әкімі аппаратының ТЖ және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы тағайындалды.

Құтқарушылар апаттық құтқару операцияларын жалғастыруда.

Өскеменнен 45 шақырым жердегі Жарма ауданында құтқару күштері 4 адамды (біреуі бала) құтқарды. Облыс орталығынан 79 шақырымда ТЖМ құтқарушылары 7 адамды (1 бала) қар құрсауынан шығарды. Олар Қалбатау ауылындағы спорт мектебіне орналастырылды.

Ұлан ауданында «Өскемен-Семей» жолының 92 шақырымында 30 көлік кептеліп қалды. Жол қызметтері күре жолды қардан тазалағаннан кейін олар өз бағыттарымен жүріп кетті. Бірақ арада біраз уақыт өткеннен кейін қардан тағы да жол жабылып қалған. Жол қазіргі уақытта қайта-қайта тазартылу үстінде. Бородулиха ауданында жергілікті атқарушы органдар ондаған адамды эвакуациялады.

Соңғы жаңалықтар