ШҚО көктемгі қар еруі қарсаңында Үкіметтен көмек сұрады

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев апатқа тосқауыл қою тұрғысында қолдау көрсетуді сұрады.
None
None

«Мен Үкімет тарапынан қолдау мен көмек сұрағым келеді, әсіресе бұл гидротехникалық құрылғыларды жөндеуді іске асыруға байланысты», - деді өңір басшысы. Оның сөзінше, облыстағы 97 гидротехникалық құрылғылардың 37-сі толық жөндеуді қажеттілік етеді.

Атап айтқанда, қазіргі кезде бұл өңірде қардың қоры нормадан 2-2,7 есеге асып отыр. Жазықтағы қардың биіктігі 70-120 см, ал тауларда 2,5-3 метрге жуықтап қалған көрінеді.

«Біз қарды шығарып үлгере алмай жатырмыз. Мәселен, 12 сағаттың ішінде Өскеменде 80 см қар түсті. Бүгін біз миллион тоннаға жуық қарды шығардық. Алайда болжам бойынша жағдай мәз емес. Ақпан-наурызда қар нормадан артық түсіп, яғни шамамен 60 см-ден асуы мүмкін», -деп нақтылап өтті әкім.

Сонымен қатар Б. Сапарбаевтың сөзінше, мал қыстағы бойынша да проблемалар туындап отыр. Кейбір аудандарда жер қыртысының мұздақ болып қатуынан қосымша проблемалар болуы ықтимал.

«Кейбір жерлерде жер қыртысы 30-40 см мұздақ болып, қатып қалған. Солтүстік өңірлерде 100 сантиметрден асуда. Бұл өз кезегінде қардың еруі кезінде проблема болуы мүмкін. Сонымен қатар ауа райының жағдайы мал қыстағына қиындықтар тудыруда. Жемшөпті қанша дайындағанмен, бәрібір оның жетіспеушілігі бар. Бізге қазіргі кезде бұл мәселені шешуге АШМ көмектесуде», - деп түйді әкім.

Соңғы жаңалықтар