13:25, 03 Қазан 2012 | GMT +5
ШҚО Құрылыс басқармасының бастығы болып Игорь Литвинов тағайындалды
ӨСКЕМЕН. 3 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының бастығы болып Игорь Литвинов тағайындалды.

Бүгін аппараттық кеңесте ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев басқарманың жаңа басшысын таныстырды. И.Литвинов бұған дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Құқықты қамтамасыз ету департаменті Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы болып қызмет етті.
Игорь Алексеевич өзінің еңбек жолын «ШҚО Табиғатты қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі басқарма» ММ жоспарлау және мониторинг бөлімінің аға маманы болып бастады. Өейін Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің кезекті-келісімшарт секторының меңгерушісі қызметін атқарды.