21:07, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
ШҚО құтқарушылары 35 адамд және 20 автомашинаны қар құрсауынан алып шықты
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен тәуліктерде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері қар құрсауынан 35 адамды алып шықты, оның ішінде 4 бала бар, сондай-ақ 20 автомашина құтқарылды,

деп хабарлайды ТЖ департаменті.
Құтқару операциялары Жарма ауданында ойдағыдай аяқталды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған машиналары жолдарды тазалады.
Сонымен қатар Төтенше департаменті қаладан шығуға тыйым салынғанмен тұрғындар бұл ақпаратты қаперге алмастан, жолға шығуға бел байлағанын атап өтті.