ШҚО құтқарушылары балалар қамалып қалған 120-дан астам үйдің есігін ашты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жыл басынан бері балалар қамалып қалған 120-дан астам үйдің есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл құтқарушылар іштен құлыпталып қалған 239 үйдің есігін ашып берген. Оның ішіндегі 120-дан астам үйде балалар қамалып қалған.

«Мамыр айының басынан бері ТЖД қызметкерлері Өскемен, Риддер қалалары мен Зайсан ауданында 8 үйдегі балаларға көмекке келді. Олар адам өміріне қауіп төнген кездерде ғана есіктерді ашады. Өмірге қауіп төнген жағдайларға – электр жабдықтары, жылыту құрылғысы қосулы қалған үйде балалар қалған оқиғаларды жатқызамыз. Бұның салдары өртке немесе жазатайым оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, департамент құтқарушылары балалары бар тұрғындарға үйдің сыртқы есігіне өздігінен жабылатын құлып орнатпауға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да азық-түлік бағасын өсірген кәсіпкерлер жазаланатынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар