ШҚО құтқарушылары «Көктем-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары республикалық «Көктем-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар 3-4 наурыз аралығында «Көктем-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізеді. Ондағы мақсат – су тасқыны кезеңіне дайындалу.

«Оқу-жаттығуға қатысушылар көктем кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастырып, өзара іс-қимылдың үйлесімділігін жетілдіріп, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігін тексереді. Сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтер қорларын құруға мониторинг жүргізіледі», - делінген ақпаратта.


Бүгінде Шығыс Қазақстанда азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардан штаб құрылған.

«Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден қарды уақтылы шығару, автокөлік және темір жолдардың, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді тазартып, бөгеттерді нығайту, инертті материалдарды дайындау жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, су тасқыны кезеңіне халықты хабардар етіп, шұғыл ден қою жасақтарын жинап, эвакуациялық пункттерді ұйымдастыруда», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар