12:49, 19 Желтоқсан 2014 | GMT +6
ШҚО құтқарушылары мұз астына 4 метр тереңдікке батып кеткен көлікті алып шықты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 17 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының Қызыл ту өткелінде ішінде бір топ адам болған «Форд-Галакси» көлігі мұздың үстінде тұрып қалды.
Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарланды.
Көлік жүргізушісі мен жолаушылары одан түскен сәтте машина суға бата бастаған. Күршім аудандық су-құтқару қызметінің келгенше «Форд-Галакси» жағадан 500 метр жерде, шамамен 4 метр тереңдікке батып кетті.
«Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, олар көліктен уақтылы түспегенде, бұл келеңсіз жағдайдың соңы қайғылы аяқталар еді», - деп атап өтті құтқарушылар.