10:26, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
ШҚО құтқарушылары тауда жоғалған 56 жастағы ер адамды іздестіруде
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да АӨБ-4 құтқарушылары Риддер маңындағы тауда жоғалған ер адамды іздестіруге шықты. Ол өткен түнде далада түнеген.

Құтқарушылар көмегіне жоғалған ер адаммен бірге болған сапарластары жүгінген. Олар келе жатқан көлік шатқалға кіріп кеткен, бірақ ешкім зардап шекпеген. Содан соң олар қалаға жаяулап жеткен. Бірақ 54 жастағы ер адам бұл жолды еңсере алмаған екен. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам демікпе дертімен ауырады екен және оның жүрегі сырқат көрінеді.
Бүгін сағат 4.30-да құрамында 4 адам бар құтқарушылар УАЗ көлігімен жүргізушіні іздеуге шықты. Әзірге еш хабар жоқ, деп хабарлады өңірлік ТЖД-дан.