08:00, 30 Қаңтар 2019 | GMT +5
ШҚО мектептерінде сабақ болмайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемен қаласы мен Аягөз ауданында бірінші ауысымдағы 1-4-інші сыныптарда сабақ болмайды.
Шемонайха, Алтай аудандарында 1-2 ауысымдағы 1-11-інші сынып, Тарбағатай ауданында (-31) бірінші ауысымдағы 1-9-ыншы сынып, Көкпекті ауданында (-35) бірінші ауысымдағы 1-11-інші сынып оқушылары, колледждердегі 1-2 курс студенттері үшін сабақтар тоқтатылды.
Бесқарағай ауданында бірінші ауысымдағы 1-4-інші сынып, Қатонқарағай ауданында (-38) 1-2-інші ауысымдағы 1-11-інші сынып оқушылары, 1-2 курс колледж студенттері оқымайды. Сондай-ақ Үржар ауданында 1-4-інші сынып оқушылары мектепке бармайды.