ШҚО мен Абай облысындағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 18:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.
Абай облысы:
— «Өскемен — Семей» автожолының 103-198 шақырымы аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы:
— «Өскемен — Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
— «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое ауылының бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін);
— «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін);
— «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 166-250 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтай қаласынан Үлкен Нарын ауылына дейін).
Осыған дейін 26 желтоқсанда жабық тұрған жолдар туралы ақпарат бердік.