ШҚО мен Қытай елінің арасында теміржол салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы мен көрші Қытай елінің Тарбағатай аймағы тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Қазір Қытайдың Қарамай қаласы мен Шәуешекке дейінгі аралығында теміржол құрылысы басталды.
None
None

Одан соң Шәуешектен Аягөзге дейін жол тарту жоспарланып отыр. Бұл Қытай тарапына Қазақстан арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік берсе, еліміз үшін Қытайға жүк тасымалдауды дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды 24.kz.

«Биыл сәуірдің 11-і күні Қарамай қаласынан Шәуешекке теміржол құрылысы басталды. Ол 2016 жылы аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Одан кейін екі мемлекет толықтай ортақ келісімге келіп жатса, Аягөз қаласына теміржол тарту жұмысы басталады», - деді ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Тарбағатай округы партия комитетінің хатшысы Ху Бынжы.

Сондай-ақ Аягөз ауданы аумағында 18 гектар жерге көлік-логистикалық терминал салу жоспарланып отыр. Бұл тек Қытай елімен емес, сонымен қатар көрші Ресеймен де экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік бермек. «Аягөз қаласында теміржол саласында 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Біздің Түрксіб теміржолы бүгінгі күнде 60 пайызға ғана жүктеліп тұр. Мына жоспарланған жобалар іске асырылып, жүк тасымалдау инфрақұрылымын әрі қарай дамытсақ, осы көлік компанияларының жұмысы толық қамтамасыз етілмек. Сол кәсіпорындар экономиканың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен жоспарымыз бар», - дейді Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев.

Соңғы жаңалықтар