18:24, 15 Қаңтар 2015 | GMT +5
ШҚО мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты ШҚО мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды.
«Қазақавтожол» РМК-ның хабарлауынша, Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 108-123 шақырымындағы Қызыл Шемонаиха ауылы мен Ресей шекарасы учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Қазіргі кезде боран салдары аталған жолдағы көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіруде.
Ал еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.