ШҚО-ның екі ауданына жаңа әкімдер келді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Шемонаиха және Бродулиха аудандандарына жаңа әкімдерді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс әкімінің өкімімен Шемонаиха ауданына Григория Акулов тағайындалды. Ол бұған дейін Бородулиха ауданын басқарған болатын. Ал оның орнын Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина басты. Екі әкімді де жергілікті активке Даниал Ахметовтың өзі таныстырды.

Ольга Булавкина тәуелсіздік жылдарынан бері облыста аудан басқаруға тағайындалып отырған алғашқы әйел адам. Қызмет жолында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары және Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа әкімдердің қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Қос әкімге аграрлық салаға басымдық беретін қос ауданның көрсеткіштерін жақсарта түсу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар