15:57, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
ШҚО-ның Қарауыл ауылында мектеп оқушысы ата-анасының рұқсатынсыз шетел автокөлігін айдап кетіп, машина трассада аударылды
ӨСКЕМЕН.. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қарауыл ауылындағы 18 жастағы мектеп оқушысы жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, автокөлікті айдап, екі сыныптасымен бірге «Қарауыл-Кеңгірбай би» трассасына жөнелді.

15 наурыздың кешкілік уақытында трассаның 4-ші шақырымында «Мерседес» автокөлігі жол жиегіндегі жыраға аударылды - жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамаған. Апат салдарынан 11 сыныптың үш оқушысы жарақаттанды.
Сонымен қатар, жол полициясынан хабарлағандай, ауылда өткен аптада 7 жол-көлік оқиғасында, бұдан басқа тағы үш бала зардап шекті - 7 жасар ұл бала және 13 пен 15 жастағы екі қыз бала. Олардың бәрін шетел көлігінің жүргізушілері қағып кеткен және әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен ауруханаларда жатыр.