ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында қардың өздігінен еруі салдарынан су басты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жұма, 25 наурыз күні Қатон-Қарағай ауданындағы «Қарасу» учаскесінде қар еріп, су басты.

Соның салдарынан мал ұстауға арналған шаруашылық құрылысы мен шаруа қожалығының аумағы суға кетті. Су 30 минутқа жуық уақыт тұрды. Қазіргі кезде аумақ пен шаруашылық құрылыстары судан тазартылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Малды қауіпсіз жерге айдаған 61 жастағы жұмыскер аттан құлап, соның салдарынан жарақат алды, алайда дәрігерлер көмегіне келесі күні ғана жүгінді.
Су басудан болған шығын анықталуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram