ШҚО-ның Қопа ауылында еріген қар суы 18 үйді басты

70 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметінен.
Су басқан үйлерді зерттеуге арналған комиссия құрылды.
Қазіргі уақытта суды бұру жұмыстары аяқталды. Төтенше жағдайды жоюға 40 адам мен 4 техника бірлігі жұмылдырылған.
Аймақ бойынша қардың қоры орташадан төмен екенін атап өтейік. ШҚО ТЖ бойынша департаментінің бөлімшелері қызмет жүргізудің күшейтілген нұсқасына өтті. Шығыс Қазақстанда тасқынға қарсы шаралар бойынша кең көлемді жұмыс жүргізілуде. Әр ауданда ТЖ қызметкерлері тұрғын секторларын қарап жүр.
Жалпы алғанда, мұндағы тасқын жағдайы қадағалануда. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірыңғай диспетчерлік қызметке су басу қаупі туралы хабарламалар әлі де келіп түсуде - адамдар қыс бойы үйлерінің жанында жиналып отырған қардың еріген суына шағымданып отыр.