ШҚО-ның Шемонайха ауданында ауыл жастарының республикалық слеті өз жұмысын аяқтады
Бұрын хабарланғандай, осы күнері (қыркүйектің 21-і мен 23-і аралығында) Шығыс Қазақстан облысында жыл сайынғы ауыл жастарының республикалық слеті өтті, және де бұл слеттің өткізілу орны болып Шемонайха ауданы тегіннен тегін тағайындалған жоқ, дәл осы ауданда шын мәнінде біраз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ауыл жастарының одағы құрылған.
Шығыс Қазақстан облысы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асырып отырған көшбасшы облыстардың қатарына кіреді, бағдарлама бойынша 343 маман жұмысқа орналасты, оларды қолдау үшін республикалық бюджеттен 32 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде 253 жас маман ауылға мұғалім болып орналасса, 67 жас дәрігер, 18 адам ауыл клубтарындағы маман болып орналасты, ал жергілікті әкімшілік оларды тұрғын үймен қамтамасыз еткен.
Ауыл жастарының республикалық слеті барысында оған қатысушылар Шемонайха аданындағы агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасы мен кен-металлургия саласындағы кәсіпорынардың жұмысымен танысып, ауылда жұмысқа орналасудың болашағын, ауыл жастарының қазіргі мәселелерін талқыға салды.