ШҚО-ның Сибин көлінің жағалауында этноауылы бар демалыс орталығы пайда болады
Оның айтуынша, турбазаның ерекшеліктерінің бірі тек жақсы сервис, ыңғайлы пирс пен тұрақ болып қана қоймайды, сонымен қатар этноауылдар болады және олар жағалауда орнығады. Бұл жерге келген туристер қолөнермен танысып, оны жасай алады, ұлттық тағамның дәмін татады.
«Туризмді дамыту бойынша кешендік жоспарда «Шалқар» Сібін көлінде демалыс базасын құру жоспарланған. Жоба 20016 жылдан бастап 2018 жылға дейін іске асады. Қазіргі күні қоныстандырушылық жұмыстары жасалды, көлдің түбі мен жағалауы қоқыстардан тазартылды»,-деді аймақ басшысы.
Д. Батырбаевтың айтуы бойынша, жобаның тұжырымдамасы ірі масштабды жазғы туристік фестивальдерді өткізу үшін туристік базаны құруды қарастырады.
Жаңа демалатын базада ыңғайлы тұрақты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көлге апаратын екі ыңғайлы пирс орнатылады, спорттық, ойын алаңдары, жуынатын бөлмелер, санитарлық торап, шешінетін бөлмелер орналастырылады.
Демалыс базасының ерекшелігі - жағалауда этноауылдың болуы. Бұл жерде туристер өз беттерінше қолөнермен танысып, оны жасап көре алады, сондай-ақ ұлттық тағамнан дәм татады.
Аудан әкімдігінде хабарлағандай, демалыс орталығымен серуендеуге және велотур үшін бағыттарды, жылқы және квадроциклмен жүретін бағыттар салынады.
Сонымен қатар, Дұбоғалы көлінде муниципалдық жағажай жасалуда.
Айта кететін жайт, аймақ ауданында Бұқтырма су қоймасы, Шыбынды, Сібін және Дұбоғалы көлі орналастырылған. Ауданда 27 демалыс базасы бар. Өткен жылы бұл жерлерге 16520 адам демалуға келген, олардың ішінде 8000-ы Ресей Федерациясынан келген туристер, деп жазады strategy2050.kz.