ШҚО-ның төтенше жағдайлар қызметі арнайы құрылғы арқылы иіс газымен күреседі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығысқазақстандық өрт сөндірушілер арнайы құрылғы-датчиктер арқылы иіс газымен күресу жөнінде шешім қабылдады. ШҚО ТЖД мамандары көп балалы және аз қамтылған жанұяларға көміртек монооксидіне белгі беріп, дабыл қағатын тетіктерді орнатуды жоспарлауда. Облыс бойынша көп балалы және аз қамтылған 1034 отбасы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Құтқару мекемесінің хабарлауынша, иіс газының не түсі жоқ, не иісі жоқ және оны анықтау еш мүмкін емес. Күнделікті шаруамен айналысып жүріп те байқаусызда уланып қалуға болады. Оның алғашқы белгілері тұмау белгілеріне ұқсас - шаршап, әлсіздікті сезініп қалтырайды және бас айналады. Ең жан түршігерлігі - түнгі уақыт. Адам ұйқы үстінде уланып, оянбай қалуы мүмкін. Жылыту маусымының басталғанына небары бір айдан асса да, өңірдегі уланғандар саны аз емес.

Бір айда 40 адам жеңіл және ауыр деңгейде уланған, олардың 10-ы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамаған. Уланудың негізгі себептері ақауы бар пеш жабдықтары, бітелген мұржалар мен жарықшақтар болуы мүмкін. ТЖД қызметтері жалғызбасты қарттардың, мүгедектердің, аз қамтылған немесе көп балалы жанұялардың улану қаупі жоғары екенін анықтады. Мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шаралар мен түсіндірме жұмыстары да көмектеспейтіні іс жүзінде белгілі болды.

 

Сол себепті ШҚО ТЖД ақырғы амалдарды жасауға көшті. Өрт сөндірушілер көп балалы және аз қамтылған жанұялардың баспанасына орнататын иіс газына дабылқаққыштарды сатып алды. Аталған құрылғыны сатып алуға шамасы жетпейтін азаматтар таңдап алынды. Арнайы құрылғы автономды режимде жұмыс істейді, қатер төнгенде - мекемеге иіс газы жайылғанда, дыбыстар мен түстер арқылы сигнал береді. Өскемен, Семей және Глубокое ауданының тұрғындары алғашқы дабыл қаққыштарды алып үлгерді, деп хабарлады ТЖ департаменті.

Соңғы жаңалықтар