07:30, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
ШҚО оқушылары «Ақберен» байқауында жүлделі орындарға ие болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы командасының алты дарынды оқушысы республикалық «Ақберен» республикалық байқауында жеңіске жетті. Келесі байқау Шығыс Қазақстан жерінде өтеді. Бұл биыл Түркістан қаласындағы Н.Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп интернатында өткен «Ақберен» байқауының ережелері осындай.

Оған елдің түкпір-түкпірінен келген 90 дарынды бала қатысты. Олар «Ұлттық аспапта ойнау», «Ақындар айтысы», «Шығармалар байқауы», «Сөз ұстасы», «Жеке өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауы» сиықты бес аталым бойынша сайысқа түсті.
Облыстық білім беру басқармасының өкілі Ақерке Рағызбаеваның хабарлауынша, ШҚО-ның командасы атынан Семей қаласы, Күршім және Тарбағатай аудандарынан 6 оқушы шықты. Байқау қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға алтын медальдар мен бірінші дәрежелі дипломдар табысталды. Екі оқушы қосымша дипломдармен марапатталды.