ШҚО омарташыларына соңғы 4 жыл ішінде 98 млн. теңгеден астам субсидия бөлінді

Субсидия ретінде төленген қаражат бал өндіру өсімін 2 еседен астамға ұлғайтуды, омарта санын 70 мыңға дейін немесе ара шаруашылығымен айналысатын облыстың барлық аудандарында олардың 80 пайыз өсімін қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, төрт жылдан бері облыс мектептерінде тамақтану рационында балаларға тегін бал беріледі.
Қосымша инвестиция, инновациялық технологияларды тарту мақсатында бұл салаға 28 тамызда V халықаралық бал фестивалін өткізу аясында «Қазақстанның Еуразиялық кеңістікте бал шаруашылығын дамыту перспективалары мен проблемалары және әлемдік бал шаруашылығына интеграциялану жолы» мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел жұмысына Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, ҚХР, Израиль, Түркия, Польша, Сауд Арабиясы, Словакия, Чехия, Молдова, Румыния, Сербия, Корея және Әзербайжан, ҚР Ауыл шаруашылығы және ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы ҒЗИ, Республиканың өзге облыстарынан ара шаруашылығын қоғамдық ұйымдастыру, облыстың, республиканың өзге де өңірлерінің ара шаруашылығы мамандары қатысады.
Өскеменде халықаралық бал фестивалінің аясында «Күз сыйы» ұранымен бал жәрмеңкесі өтеді.
Ұйымдастырушылар өткізілген халықаралық бал фестивалінің нәтижелері еуразиялық бал шаруашылығының ел халқының денсаулығына бей-жай қарамайтын әлемдік бал шаруашылығы қауымдастығының белсенді авангардының құрамына кіруінің өте маңызды кезеңі ретінде айқындалуы тиіс екендігін айтты, деп атап өтті облыс әкімінің ақпараттық орталығы.