ШҚО өзендерінде су деңгейі қауіпті межеден асқан жоқ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде су деңгейі қауіпті межеден асқан жоқ. 

тасқын
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізілуде.

«ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Шығыс Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында Риддер қаласына, Зайсан және Шемонаиха аудандарына барды. Мұнда ол өзендер мен бұлақтардың бойындағы үйілген бөгеттерді қарап шығып, жағдай шиеленіскен жағдайда күштер мен құралдардың дайындығын тексерді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүргізетін алдын алу іс-шараларының барысымен танысты», — делінген ақпаратта.

дамба
Фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта облыста су тасқынының екінші кезеңі жүруде.

Осыған байланысты өзендердегі судың деңгейіне күн сайын мониторинг жүргізіліп жатыр. 

Бүгінде су деңгейі қауіпті межеден асқан жоқ.

Өңірдегі жағдай қиындап кетсе жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінен 2270 адам, 732 техника, 61 қайық және 234 мотопомпа сақадай сай.

Соңғы жаңалықтар