11:26, 13 Шілде 2016 | GMT +5
ШҚО өзенді кесіп өткен ер адам ажал құшты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның құтқарушылар мен полиция бригадасы Ақ Үбі өзенінен (Ливино ауылы, Риддер қаласының маңы) 58 жастағы ер адамның денесін тапты.
Кейінірек анықталғандай, марқұм өзенді кесіп өтпек болған шақта суға кеткен, деп хабарлады ТЖ департаменті.
Айта кетейік, Ақ Үбі өзенінің қатты ағысы жиі өзгеріп тұрады, өзен жағалауы мен түбі тасты болып келеді.