ШҚО полицейлері бір жылда 256 келі есірткі тәркілеген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өткен жылы 256 келі есірткі тәркілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полицейлері бір жылда 256 келі есірткі тәркілеген

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев құқық қорғау органдарының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі нашақорлықпен күрес екендігін атап өтті.

«2020 жылы 253 есірткі қылмысы анықталған. Оның ішінде 157 факті есірткі саудасына қатысты болды. Заңсыз айналымнан жалпы көлемі 256 келі әртүрлі есірткі алынған»,- деді ол.

ШҚО бас полицейі тәртіп сақшылары еліміздің оңтүстік өңірлерінен алты есірткі жеткізу арнасын жауып, бес қылмыстық топтың жолын кескенін атап өтті.

«Сонымен қатар есірткіні насихаттау мен жарнамалауға қарсы күрес белсенді жүргізілуде. Есірткі сайттарын жарналамайтын 112 «граффити» сурет анықталып, жойылды. Бұдан бөлек, есірткіні насихаттайтын 73 интернет-аккаунт бұғатталды», - деді Сағат Мәдиев.