ШҚО полицейлері Қазақстан халқының бірлігі күнімен бірнеше тілде құттықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Қазақстан халқының бірлігі күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күнімен бірнеше тілде құттықтап бейнежазба түсірді. Осылайша олар өңірде тұратын әр ұлтты назардан тыс қалдырмады.

«Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 10-нан астам этнос өкілдері құқық қорғау органында қызмет етуде. Елімізде Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген тергеушілер, анықтаушылар, учаскелік және патрульдік полиция инспекторлары, жедел әрекет ету жасағының жауынгерлері бейнеқұттықтау әзірледі. Шын көңілден шыққан ізгі лебіздер әр түрлі тілдерде айтылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Полицейлердің айтуынша, бұл мерекенің мақсаты – өскелең ұрпақты толеранттылыққа, достық пен сыйластыққа шақыру, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен этносаралық қатынастарды нығайту.

«Осы тарихи маңызы бар ақжарма тілектер, шынайы лебіздер ұрпақтан-ұрпаққа жетсе екен дейміз. Достық пен ұлтаралық келісімді нығайту - Қазақстан халықтарының бірлігінің кепілі», - дейді тәртіп сақшылары.



Соңғы жаңалықтар