ШҚО полицейлері үйінен қашып кеткен 18 жастағы бойжеткенді тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде полиция қызметкерлері 14 қыркүйекте үйінен қашып кетіп, оралмаған 18 жастағы бойжеткенді тапты. Тәртіп сақшылары оның үйінен бірінші рет қашып отырмағанын түсіндірді, деп хабарлады YK-news.kz.
Таяуда желіде Өскеменнің 18 жастағы тұрғыны жоғалғаны туралы хабарлама пайда болған. Интернет пайдаланушылар ол 14 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын жазды. Алаңдаған ата-анасы полицияға жүгінген. Қызды іздеуге бір апта уақыт кетті.
«Кеше қызметкерлер оны аман-есен тапты», - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Ол үйінен бірінші рет кетіп қалып отырған жоқ».
Оның кезекті рет не үшін үйінен қашқаны жайлы айтылмайды.