ШҚО прокуратурасы онкологиялық мекемелердегі сорақы фактілерді әшкереледі

ӨСКЕМЕН. 6 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыстық әкімдікпен бірге онкологиялық мекемелерде онкологиялық аурулармен ауыратындарға кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі бойынша заңнаманың сақталуын тексеріп, айтарлықтай кемшіліктерді анықтады.
None
None

Олардың арасында: дәрі-дәрмектерді тиісті түрде сақтамау, мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қолдану, ауруларға тиісті кепілденген дәрі-дәрмектерді бермеу, онкологиялық аурулармен ауыратындарға арналған қымбат бағалы жабдықтың жұмыс істемей тұрып қалу фактілері бар. Сондай-ақ, иммундық гистологиялық зерттеулерге арналған мерзімі өткен реагенттерді қолдану фактілері анықталды, осыған байланысты онкологиялық аурулармен ауыратындарға дұрыс диагноз қойылғандығы күмән тудырады. Мысалы, облыстық онкологиялық диспансерде биылғы жылдың сәуір айында құны 2 млн. теңге болатын мерзімі өткен реагенттер қолданылған.

2012 жылдан бері мұндағы шағын ота жасау бөлмесі жөндеуден өткізіліп жатқаны, ал барлық медициналық жабдықтар және медициналық техника медқызметкерлерге арналған бөлмеде жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, жыл сайын облыстық онкологиялық диспансерге жұмыс істемейтін жабдықты жөндеуге және оған қызмет көрсетуге бюджет қаражаттары бөлінуде. Мәселен, 2012 жылы «Квант-Семей» ЖШС-мен жасасқан шарт бойынша 5, 5 млн. теңге төленген. 2013 жылы сома сәл азырақ, 4 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, АИС-ТЭП мәліметтері бойынша жұмыс істейді деп саналып, ол бойынша амортизация аударылғанымен, тағы 6 түрлі медициналық жабдық жұмыс істемей тұрған. Прокуратурада өңірдің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және медициналық қызмет үйлестірушісі болып табылатын денсаулық сақтау басқармасы халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мәселелерді шешуден қашқалақтап отырғанын атап айтуда.

Соңғы жаңалықтар