12:32, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
ШҚО прокуратурасы жеке бизнес субъектілерін негізсіз тексерулердің 500-ден астам фактісін анықтады
ӨСКЕМЕН. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан прокуратурасы бақылаушы органдардың ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы тексеру жоспарына жеке кәсіпкерлік субъектілерін енгізудің заңдылығын тексеруді жалғастыруда.

Бүгінгі күні негізсіз тексерулердің 500-ден астам фактісі анықталды. Бүгін облыстың қадағалау ведомствосынан хабарлағандай, қазірдің өзінде тәртіптік жауапкершілікке 6 лауазымдық тұлға тартылды. Тексерістер жалғасуда.
Прокуратура кезекті рет бизнесмендерден кәсіпкерлер құқықтарының кез-келген бұзушылықтары туралы дереу хабарлап отыруды сұрады.