07:41, 16 Қараша 2011 | GMT +5
ШҚО Риддер қаласының психоневрологиялық ауруханасында өрт болып, 100-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды
ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының психоневрологиялық ауруханасында өрт болды, 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 11 шамасында, Перспективная көшесінде орналасқан «Риддер психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-нің бірінші қабаттағы дәлізінде от тұтанды. Үш қабатты ғимараттан 106 адам қауіпсіз аумаққа шығарылып, құтқарушылар шақырылды. ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 16 адамы мен 4 техникасы тілсіз жауды бір жарым сағаттың ішінде толығымен ауыздықтады. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.