ШҚО шаруа қожалықтары аймақтық өнім өндіру үлесін айтарлықтай арттырды

ӨСКЕМЕН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының  шаруа қожалықтары аймақтағы ауыл шаруашылығы  саласының ең дамып келе жатқан санатына жатады және олардың даму қарқыны  ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен халық шаруашылығының дамуын басып озды, сондықтан да шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үлесі жыл өткен сайын артып келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басындағы есеп бойынша аймақта 16,7 мың шаруа қожалығы құрылған болса, қазіргі кезде соның 16 мыңы нақты іспен айналысуда. Осы көрсеткіштің  70 пайызына тарта шаруа қожалығы диқаншылық кәсіппен айналысып жатса, 21 пайызы - мал шаруашылығына бағытталған, ал 8 пайызы аралас шаруашылық жүргізуді ұстанған. Сала бойынша 32 мың адам еңбек етеді, статистика басқармасы мамандарының мәліметі бойынша, бір шаруашылыққа екі адамнан келеді, әр шаруашылықтың үлесіне 336 га ауыл шаруашылығы жерінен, 41 га егістік алқабынан және шартты түрде 17 бас мал мен құстан келеді екен.

Өткен жылғы ауа райының қолайсыздығы астық өндірумен шұғылданатын шаруа иелерінің жұмысына елеулі кедергі келтірді, дегенмен олар жылды жаман қорытындылаған жоқ, шаруашылықтардың төрттен бірі өндірістік жылды едәуір пайдамен аяқтады. Мәліметтерге қарағанда,  осы саладағы өндірушілер 15 млрд. теңге кіріс тапқан.

Соңғы жаңалықтар