ШҚО сот орындаушылары «Ізгілік билеті» атты жетім балаларға қайырымдылық шарасын өткізді

Шара барысында барлық департамент қызметкерлері жетімдер үйіне бір айлық қаражаттарын аударды.
Бүгін ведомство мүшелері «Үміт» жетімдер үйінде кездесу ұйымдастырып, салтанатты түрде 729445 теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырды. Аталмыш қаражат 9 балалар үйінің басшыларына, түзету мектептер мен мектеп-интернаттардың жетім балаларына берілді.
«Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ана мен бала құқықтарын қорғау қажеттігін ерекше атап көрсетті. Барлық мемлекеттік мекемелер ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау керек, - деді ШҚО сот актілерін орындау департаментінің басшысы Жұмағазы Оразов.
Біздің департаменттің аумақтық бөлімдерінде 136 адам, соның ішінде 30 қызметкер аппаратта жұмыс жасайды. Бүгін олардың бәрі «Ізгілік билеті» шарасына бір күндік еңбекақыларын аударды.
Өз кезегінде «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері алғыстарын айтып, оларға арнап концерттік бағдарлама ұсынды.
Естеріңізге салайық, ведомство қызметкерлерінің жетім балаларға арналған мұндай қайырымдылық қадамдары бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Біршама уақыт бұрын олар балаларға 1200 жұп аяқ киім мен қысқы киімдерді сыйға тартқан болатын.