12:21, 06 Ақпан 2017 | GMT +5
ШҚО соты сағыз шайнауды әкімшілік құқықбұзушылық деп таныды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бородулиха ауданындағы сотта айыпталушының қыр көрсетіп, әдейі сағыз шайнауы сотқа деген құрметсіздік деп танылды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Іс материалдарында көрсетілгендей, сот залында айыпталушы «жұрт алдында әдейі сағыз шайнап, сотқа анық құрметсіздік көрсетті». Бұл әрекетті сот әкімшілік құқықбұзушылық деп таныды. Бірақ, ескертумен шектелді.
ҚР ӘҚБК 653-бабы «Сотты құрметтемеушілік» ескерту жасауды немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды не болмаса бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды қарастырады.