ШҚО технологиялық инновацияларға 32,9 млрд. теңге жұмсады, бұл жалпы республикалық көлемнің 17 пайызы

Күн тәртібінде - ғылым мен «өндірістік» бизнестің өзара әрекеттесуі.
Бұған дейін хабарланғандай, Инновация жөніндегі кеңес өңірдің инновациялық инфрақұрылым нысандарының - «Алтай» технопаркі, «Ядролық технологиялар паркі», «Конструкторлық бюро», «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметін үйлестіреді. Аталмыш кеңес 2010 жылы құрылған.
Облыстың ақпараттық орталығынан хабарлағандай, бүгін кеңес жұмысына «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ-ның, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Ғылым қоры» және «Қазақстан индустрияны дамыту институтының» басшылары қатысады.
Айта кеткен жөн, Шығыс Қазақстан технологиялық инновацияларға қаржы жұмсау бойынша еліміз бойынша екінші орында, бірінші орында Батыс Қазақстан облысы тұр.
Елдің шығысында техноинновацияларға жұмсалған қаржы 32,9 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы республикалық көлемнің 17 пайызы.
Өңірдің инновациялық қызметі негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсу қарқынынан көрінуде.