ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жеке тұтыну мақсатында ірі көлемде есірткі затын дайындаған ер адамды ұстады.

Жедел іс-шаралар барысында одан 4 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленген. Тыйым салынған затты ол өз үйінің аумағында – шатырында және жазғы асүйінде сақтаған. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден бас тартуға шақырады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте есірткі таратқан екі әйел ұсталғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар