ШҚО тұрғындарынан бір апта ішінде 16 заңсыз қару тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Полиция бір апта ішінде тұрғылықты жер бойынша 7 мыңнан астам азаматтық қару иелерін тексерді.

 ШҚО тұрғындарынан бір апта ішінде 16 заңсыз қару тәркіленді

Оның сақтау бойынша заңдылық талаптар тексерілді. 244 адам заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, 47 адам қайта тіркеу рәсімінен өтуге міндетті, деп хабарлады ішкі істер департаментінен.

Халықтан заңсыз травматикалық қарулар, оқ-дәрілер тәркіленді. Бір апта ішінде «Қару» шарасы 16 бірлік заңсыз қаруды анықтады. Оның ішінде иір ойықты -1-2 қару, 11 - тегіс ұңғылы, 1 газды, 1 электр қару және т.б. бар.

Мысалы, Өскеменнің 42 жастағы тұрғынынан полицейлер 20 калибрлі екі оқпанды тегіс ұңғылы қару, Күршім ауданының 28 жастағы тұрғынынан «ТОЗ-8» маркалы иір ойықты қару және т.б. тәркіленді.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша 4 сот алды тергеу басталды, 14-і ҚР ӘҚтК 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.