ШҚО тұрғыны 1900 жылы жасалған қаруды полицияға өткізді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны ҰОС кезінде пайдаланылған тапаншаны полицияға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

23 сәуірде Алтай ауданының полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер келген. Ол магазинінде үш оғы бар, ойық қысқа ұңғылы тапаншаны тапсырды. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесі бойынша бұл қару 1900 жылы дайындалғаны анықталған. 7,65 мм калибрлі, зауыттық нөмірі «166710», яғни «Браунинг» жүйесіне жататын қару атуға жарамды.

Бұл қару Ұлы Отан соғысы кезінде АҚШ пен Бельгия армиясы жауынгерлерінің қолында болған. Аудан тұрғыны қару-жарақты соғысқа қатысқан атасының жертөлесінен тапқанын түсіндірді. Енді бұл атыс қаруы ШҚО Полиция департаментінің мұражайына тарихи жәдігер ретінде беріледі.

«Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы ер адамға қару үшін 120 000 теңге қаражат төлейді. Осылайша, үш күн ішінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын өткізу барысында өңір бойынша халықтан 7 млн теңгеге 110 қару қабылданған», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 20 сәуірінен бастап ШҚО аумағында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде.


Соңғы жаңалықтар