ШҚО тұрғынынан 1 тоннадан астам балық тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының полицейлері жергілікті тұрғынның көлігінен заңсыз ауланған мың келіден астам балық тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО тұрғынынан 1 тоннадан астам балық тәркіленді

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында қалаға кіреберістегі Шешек асуы тұсында «Газ-3302» маркалы автокөлік тоқтатылған. Тексеру барысында жүргізушінің балықты тиісті құжатсыз тасымалдағаны анықталды.

«Ер адамның айтуынша, ол бұл балықты Күршім ауылында белгісіз біреулерден сатып алған. Балықтың жалпы салмағы 1 182 келі», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.