ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 6 мыңнан астам тірі шаян табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 6 мыңнан астам шаян тірідей табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты «Қызыл ту» өткелінде жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде 34 жастағы ер адамның заңсыз шаян тасымалдап келе жатқаны анықталған.

«Көлікте жалпы салмағы 364 келіден асатын 6320 шаян тірідей табылды. Осының салдарынан табиғатқа 2 014 000 теңге мөлшерінде залал келтірілген. Тергеу барысында көлік жүргізушісі шаянды бейтаныс бес ер адамнан сатып алғанын айтты. Кейін оны күйеу баласының көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған», - дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.




Фото:polisia.kz




Соңғы жаңалықтар