ШҚО ТЖД қызметкері Валерия Цой ҚР-ның сноуборд бойынша абсолюттік чемпионы атанды

Бойжеткен слалом және алып слалом қашықтықтарында өз қарсыластарынан озып шықты, деп хабарлайды аталмыш департамент.
Өзінің басымдылығын тек республикалық чемпионатта ғана дәлелдемей, жақында болып өткен Әлем кубогында да ол Ванкувердің олимпиада жеңімпазы, сондай-ақ 2011 жылғы әлем чемпионатының жүлделерін жеңіп алды.
Мұндай жетістік жас әрі болашағы зор споршы қызға өз мансабына деген сенімділігін арттырып, Сочиде өтетін олимпиадада лицензия алу мақсатына жақындата түсті.
Бұл туралы айту әлі ертерек. Егер Валерия алдағы уақытта осылай табысты өнер көрсетіп, алдағы Әлем чемпионатындағы 90 қатысушының ішінен 30 үздігінің қатарына кірсе, лицензияны алуы әбден мүмкін, деп атап өтеді оның департаменттегі әріптестері.
Сондай-ақ, олар Валерия Цойдың осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысатын Қазақстанның алғашқы сноубордшы бойжеткені екендігін мақтанышпен атап өтті.
Ол сноуборд бойынша Қазақстан құрамасының капитаны болып табылады. Жеңістері аз емес. Валерия Цой өзін күресуге және күн сайын жетілдіруге дайын мақсаткер әрі болашағы зор спортшы ретінде танытып үлгерді. Жақында оны Канаданың құрамасына біріккен жаттықтыруға шақырды. Әзірше бұл ұсыныс жанұялық кеңесте қарастырылып жатыр.