12:55, 26 Маусым 2012 | GMT +5
ШҚО Ұлан ауданында жеті жасар бала суға батып кетті
ӨСКЕМЕН. 26 маусым. ҚазАқпарат - ШҚО Ұлан ауданындағы Тайынты өзеніне жеті жасар бала батып кетті.

Оның мүрдесін жергілікті тұрғындар өздері алып шыққандықтан құтқарушылардың көмегі қажет болмады.
ТЖ мамандары бұл, аймақта 2012 жылдың жазы басталғалы сегізінші оқиға (және олардың арасындағы бірінші бала) екендігін атап өтті.