18:46, 12 Қазан 2012 | GMT +5
ШҚО жол полициясы қызметкерлері 1062 қылмыстың бетін ашуға көмектесті
ӨСКЕМЕН. 12 қазан. ҚазАқпарат - Өткен 9 ай ішінде Шығыс Қазақстан облысының жол полицейлері 1062 қылмыстың бетін ашуға септігін тигізді.

Инспекторлар облыстың жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін бақылап қана қоймай, қылмыстардың бетін ашуға да белсене араласады, деп хабарлады өңірлік жол полициясының баспасөз қызметі.
Мәселен, жуырда жол полициясы басқармасының лейтенанты Темірлан Мейірбаев пен полиция сержанты Алмас Нұриевтің патрульді экипажы Өскемен педагогикалық колледжінің студентіне бірнеше дене жарақатын салған оның 17 жасар курстасын ұстады. Болашақ мұғалім осылайша пышақтың көмегімен арада туған келіспеушілікті шешпекші болған.