ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Данияр Уахитов тағайындалды.

Данияр Асқарұлы – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (магистратура) түлегі.
2006-2023 жылдар аралығында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда, «Альянс Финанс» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Белоусов байыту фабрикасының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті және тау-кен-металлургия кешені қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымында еңбек етті.
Сондай-ақ Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы Нұра кентіндегі Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап осы күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Еске салсақ, осыған дейін Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрі болып тағайындалғаны хабарланған.