ШҚО жолдарындағы қысқы дайындық жұмыстары тексерілді
Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, А. Дүйсебаев қайта салу жұмыстары аяқталуға жақындаған Семей - Ресей Федерациясы шекарасы, Семей - Қалбатау, Таскескен - Бақты учаскелерін аралап шықты. Сонымен қатар, № 30 жол-пайдалану учаскесінің (ДЭУ-30) базасындағы жол-пайдалану техникасының жағдайын көрді.
Қазіргі таңда, «Қазақавтожол» РМК-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалында 110 жол-пайдалану техникасы бар. Оның ішінде 42 автогрейдер, 19 құрастырмалы жол машиналары, 8 бульдозер, 41 шнекоротор арнайы техникалары.
А.Дүйсебаев бұл филиалдың автопаркі соңғы үш жыл ішінде 45 техникаға толыға түскендігін атап өтті. «Бәрімізге өткен қыстағы ауа райының қолайсыздығынан жолдардың жабылып қалғандығы белгілі. Жаңа техника қысқы мерзімде қар кептелістерін болдырмай, қауіпсіз қатынасты қамтамасыз ету үшін сатып алынған. Ал жазғы күндері техника жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына жұмылдырылған болатын», - деді вице-министр.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 11 841,8 шақырым, оның ішінде 3420 шақырымы республикалық маңызы бар және 8 421,8 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша жұмыстарды қаржыландыруға 10 828,1 млн. теңге, жергілікті маңызы бар жолдарға (республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер) - 2 967,2 теңге бөлінген.